Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сайқымазақ деген": Атырау тұрғыны қызын мұғалімдердің қорлағанын айтты

Атырау тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде оқушы қызын мектепте мұғалімдер қорлағанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зульфия Искалиева қызының 2 қыркүйек күні №16 мектептен жылап келгенін айтты.

Оның айтуынша, мұғалімдер оқушыны "Сайқымазақ" деп атаған. Өйткені оқушы қыз мектепке шашына қызғылт жіптер байлап барған.

"Баланы бүкіл сыныптың алдына шығарып "Сайқымазақ" деп атаған. Мұғалімдер тәрбие, мәдениет, этика туралы айтқанды жақсы көреді, бірақ өздері жасөспірімді бүкіл сынып алдында дөрекі түрде қорлайды. Сынып жетекшісі баланы қорламадым деп бұл туралы сөйлескісі келмеді. Ал бала қорланған кезде не сезінгенін айтудың өзі қиын. Енді анаң мектепте болған жағдайды қоғамдық талқылауға салды деп тисуі де мүмкін, мен оған да дайынмын", – деп жазды әйел.

Бұл жағдайға Атырау қаласының білім бөлімі пікір білдірді. Олардың айтуынша, оқиға болған күннің ертеңінде қалалық білім бөліміне Искалиеваның өзі, мұғалім және мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы шақырылған.

"Әр тарап өз пікіріне қатысты түсініктеме берді. Тараптардың пікірін тыңдадық. Болашақта мұндай оқиғалар кезінде ата-анадан мектеп әкімшілігіне немесе қалалық білім бөліміне хабарлауды сұрадық. Мектеп директорына мұғалімдерге этика туралы айту тапсырылды", – деді департаменттегілер.

 

Талқылау