Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жедел жәрдемді бірге шақырғанымызды айт, әйтпесе қарғаймын": Байжанов Бишімбаевтың қалай қорқытқанын айтты (видео)

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов елордалық сотта жауап беріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы сот отырыстарының бірінде Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтып, басқа орынға ауыстыруды сұраған еді. Прокурор Байжановтан сол кезде экс-министрдің не айтқанын сұрады. 

"Бишімбаев "жедел жәрдемді бірге шақырдық" деп айт деді. Солай айтпасаң сені де, балаларыңды да қарғаймын деп айтты", – деді  Байжанов.



Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова келесі сотта бұл әңгімені тыңдау үшін аудио-видеожазба материалдарын сұрайтынын айтты.

"Негізінде бұл жазба әлеуметтік желілерде де бар. Онда Байжанов: "Ол жан-жақты қысым көрсетіп жатыр" дейді. Яғни, бұл қазіргі жағдай емес, барлық жағынан", – деді Бақытжан Байжановтың адвокаты.

Байжановтың айтуынша, бұл әңгіме сот залынан тыс жерде, сот ғимаратының бірінші қабатында болған.

"Ол маған мұны бірінші қабатта айтты. Біз сонда бірге отырдық. Тыңдасаңдар болады, сол жерде ол маған қағаз берді. Тергеу изоляторында анда-санда кездесіп тұратынбыз. Сонда Бишімбаев оның Салтанатқа мүсәтір спиртін бергенін көрдім деп айт деп ескертті", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев адвокат арқылы Байжановтың берген жауаптарын бақылағаны туралы жазған едік. 

Талқылау