Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Оның денесі 29 шілде күні өз үйінен табылған.
Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу амалдары "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша басталған. Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі пайдаланушылары марқұмды өлімге итермелегенін айтуда.
- "Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым": Жазушы Дулат Исабеков қазіргі заманнан неге ешқандай перспектива көрмейді?
- "Таңға жуық жүрегі тоқтапты": Замандастары жазушы Қабдеш Жұмаділов туралы естеліктерімен бөлісті
"Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады", – деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Еске салсақ, осыған дейін жас жазушы Аягүл Мантай белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.