Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова желідегі оқырмандарының бірінен ұрыс естіп, жылап қалған

Әнші Жазира Байырбекова көпшілікке өзінің нәзіктігімен танымал. Әр нәрсені жүрегіне жақын қабылдайтын әнші бұл жолы да желідегі оқырманының сөзі үшін көңілі түсіп, жылап қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жазира Байырбекова

Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі оқырманының өзіне ұрысып пікір қалдырғанын айтты. Әншінің сөзінше, оқырманының сөзі жанына қатты батыпты.

«Кеше Instagram-да маған маған ұрсып жазған бір пікірлі оқып, көңіл-күйім бұзылып, бір жылап алдым. Өте қатты жаныма батты (әлде жолдан жолға шығып, демалыссыз шаршап келгенімнен бе). Әйтеуір, қатты әсер етті. Бүгін сол ұрысқаннан қалай нәтиже шығарсам деп ойланып жүрмін. Бірақ мені анда-санда сөзбен қамшылап тұрғандарыңыз да дұрыс-ау…
Өмірімдегі болып жатқанның, естіп жүргенімнің бәрін жақсылыққа алып бара жатқан жол деп қабылдаймын», – деп жазды әнші Іnstagram-парақшасында.

Ал желі қолданушылары әншіге өзгелердің сөзін жүрегіне жақын  қабылдамауға кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

Соғыс ардагерінің үйіне барып ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова қарияны жылатып алды (видео)

Қайратпен бірге ән шырқаған Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды (видео)

Құралай Нұрқаділова анасының жас кезіндегі суретін көрсетіп мақтанды (фото)

Айқын Төлепберген: Анам мені перзентхананың дәлізінде босанып қалған

Талқылау