Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Жазира шашы ұзын қыздар арасында байқау ұйымдастырды (фото)

Әнші шашы ұзын қыздарға арналған байқау ұйымдастырды. Ол осылайша қазақ қыздарының шаштарын қимауына себепші болғысы келгенін айтып жатыр.

йфйфйф

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жазира Байырбекова қазақы нақыштағы киім киіп, салт-дәстүрді берік ұстанатын әншілердің бірі. Осының дәлелі ретінде әнші шашы ұзын қыздардың арасында байқау ұйымдастырды. Аталған байқауға кез келген жастағы қыз-келіншек қатыса алады.

Байқау шартына сәйкес, шашы ұзын қыздар өздерін суретке түсіріп, оны #шашыұзынқыз #қазаққызы деген хэштегтермен білгілейді. Артынша Жазира Байырбекова хэштег арқылы сапалы суреттерді таңдап, оны өз парақшасына жүктейді. Қараша айының соңына қарай жеңімпаз анықталады. Жеңімпазға әншінің көйлегі мен сұлулық салонына сертификат беріледі.

“Мен бір күні шашы ұзын қыздың суретін инстаграм парақшама салдым. Кейін сол секілді суреттер маған жиі келе бастады. “Сол қыздарды неге халыққа жария етпес ке? Неге ұлттық құндылықтарымызды насихаттамасқа” деген ой келді. Маған шашы ұзын қыздар салт-дәстүрлерімізді насихаттауға үлес қосып жатқандай көрінеді. Сол себепті, шашы ұзын қыздардың санын көбейтіп, олардың шаштарын қимауларына себепші болғым келді.

14582385_354926424848556_5825247758264565760_n

Байқау соңында аса құнды дүние ұсынылмаса да, салонымның атынан сертификат пен көйлектерімнің бірін жеңімпазға тарту еткім келіп отыр. Әзірге сертификаттың қандай сомада болатынын қыздар ақылдасып жатыр. Қазір көп сурет келсе де, олардың сапасы нашарлау болып жатыр. Осыған орай, байқауға қатысушылардан тек сапалы суреттер жіберуін сұраймын. Ешкімді ұлтына қарап бөлмейміз. Бар болғаны суреттері көрсетуге ұялмайтындай, жабық киім киген болса болды”, – дейді Жазира Байырбекова Stan.kz тілшісіне.

Ұйымдастырушылар байқауға шалғай аймақтағы бойжеткендердің де қатысуы мүмкін екенін ескерген. Егер жеңімпаз солардың арасынан таңдалса, көйлек пен сертификатты пошта арқылы салып жібермек. Аталған байқау қараша айының соңына дейін жалғасады.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобының әндерінен поппури орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)

Бауыры: Оқыған мен оқымаған әншінің айырмашылығы көп. Бірақ Лидо оқымаған

Жеменей кубалық әншімен бірге «Қызыл өрікке» жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Әділ Ахметов: «Анаға апарар жолдағы» Ілиясқа 90% ұқсаймын (видео)

Талқылау