"Түстерім аяни болып шығады": Қарағанды тұрғыны Жазира Байырбекованың босанатынын түсінде көрген

Жақында ғана Жазира Байырбекова қызды болғанын желіге жариялаған еді. Осы жаңалықты естіген Қарағанды облысының тұрғыны Гүлнұр Төлеужанқызы Жүкенова редакциямызға хабарласып, бұл оқиғаның болатынын түсінде көргенін айтты. Stan.kz тілшісі Гүлнұр Жүкеновамен байланысып, мән-жайды анықтап көрді. 

жазира
Қарағанды облысының тұрғыны ГүлнұрЖүкенова - екі баланың анасы. Оның айтуынша, кішкентай күнінен түсінде көргені өңінде айна-қатесіз келетін көрінеді.   

"Түстерім аяни болып шығады. Туыстарым мен жақындарым көрген түсімнің тура келетінін айтады. Сенің айтқаныңдай болды деп айтып жатады. Танымал адамдардан бірініші Алтынай Жорабаеваны көргенмін. Түсімде ол кісі хиджап киіп, екіқабатты үйін көрсетіп жатыр екен. Балаларының бәрі намазхан екен. Содан кейін барып, Алтынай намазға жығылыпты деген жаңалық шықты", - деген ол осы жылы көрген түсі өзінде таңқалдырғанын айтады. 

"Жазира осы жылы қыста түсіме кірді. Жазира екеуміз дастархан басында отыр екенбіз. Үйінің безендіруін қызыл түспен әрлеп, қызыл шарлар іліп қойған. Содан кейін жақында болатын белгі беріп тұрды. Түсімде Жазираға: "Мен көк, сіз қызылға безендіріпсіз" дедім. Сонда бағанағы қызыл шарларым көк шарға айналып кетеді. Сол кезде оянып кетіппін. Содан Жазираның инстаграмдағы парақшасына көрген түсім туралы жазып жібердім. Түсім оңынан келіп жатса, дәлел болсын деп. Жолдасына да жаздым. Бірақ ешқандай жауап болмады", - деген Гүлнұр түсі рас болса көрсетемін деген ойда болғанын айтады. 

жазира

Жукенованың түсіне кіретін жұлдыз жалғыз Жазира емес. Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек те түсіне кіргенін айтады. 

"Жазираны көрген соң бір-екі айдан кейін тағы да түс көріп шошып ояндым. Бұл жолы Баянның қызы Айсәуле Бақытбек кірді. Ол ұл босанады. Толғағы ауыр болады. Түсіме солай кірді. Содан кейін Айсәуленің өзіне және Баянның өзіне көрген түсім туралы жазып жібердім. Мен түсімді жақындарыма айтқан соң 2 айдан кейін атақты нумеролог Клара Кузденбаева Айсәуленің ұлды болатынына болжам жасады", - деген Гүлнұр түсінің оңынан келіп, Жазираның қызды болғанына қуанышты екенін жеткізді. 

жазира

Бұдан бөлек Қайрат Нұртасты да түсінде көретінін айтады. 

"Осыдан екі жыл бұрын болуы керек, Қайрат біздің қалаға келіпті. Сахнада өлең айтып тұрғанда аяғын ұстай алмай құлап қалады. Билейін десе билей алмай қалады. Сол түскен кейін бір ай өткен соң, ШҚО-дағы концертінде аяғын баса алмай қалғанын жаңалықтарда қатты шаршағаннан деп жазды", - дейді Жүкенова. 


Мұсылманша түс жору


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ коронавирусқа шалдыққан науқасты роботтың көмегімен емдеуде

Бұл жағдай ауру таралуының алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпанға дейін Bek Air рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарланды

Супруга с известной фамилией. Что известно о новом после в России Ермеке Кошербаеве и его семье?

Шашын 8 жыл жумаған қыз алған әсерін бөлісті

Бойжеткен: Шашым тез өсе бастады

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Әйел Уханьға барып қайтпақшы болған, бірақ иті оның төлқұжатын кеміріп тастапты

Ұшақтың зиянынан ұяламыз: Еуропалықтар ұшаққа отырудан бас тартуда

Еуропада қоршаған ортаны қорғау қозғалысы барған сайын танымал бола бастады

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Әйелдің ауруханаға барар жолда толғағы басталыпты

"Техникалық құралға ақшамыз жетпейді": Мемлекеттік тілді «аяқ асты еткен» алматылық супермаркетке қатысты сот ісі басталды

«Арзан» қожайындары латын графикасының бекітілуін күтіп отырмыз дегенді айтып ақталыпты

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды

Бұл лауазымға Ермек Көшербаев ие болды
Çàãðóçêà...