Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішінде 8 адам болған: Нұр-Сұлтан қаласында ғимарат лифтісі есігі ашық күйінде құлап кеткен (видео)

Нұр-Сұлтанда жекеменшік моншадағы лифт есігі ашық күйі құлап кеткен. Оқиға орын алған сәтте лифте сегіз адам болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде есіктері айқара ашылған күйінде құлаған лифттің видеосы тараған еді. Зардап шеккендер лифттің  5 метр биіктіктен құлағанын айтады.  

“Лифттегілердің бірі – Жандос жазым бола жаздады. Ол есік алдында тұрып, кабина құлаған кезде уақытында артқа шегініп үлгерген. Лифт шамамен 5 метрден құлаған. Кейін ішін шаң басты. Екі қыздың тізесі жарақаттанып, ішкі органдарына зақым келген”, – деп жазды желі қолданушысы Ерғали Әбішов.

Жәбірленушілер монша қызметкерлері мен лифттерге қызмет көрсететін компания жолаушылардың өздерін кінәлағанын жеткізді.



“Олар лифт тақтайшасының жүк көтергіш күші 800 кг екенін айтты. Бұған ең көбі 10 адам тасымалдауға болатыны жазылған. Ал төтенше жағдай кезінде  лифтіде 8 адам, олардың жалпы салмағы 553 келі болды. Мұндай заңсыздық үшін осы лифтке қызмет көрсетумен айналысатындардың барлығы түрмеге жабылуы керек. Бұл мекемеге келгеніме 2 жыл болды. Ал осы уақыт бойы лифт авариялық күйде тұр”, – деп қосты желі қолданушысы.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабар келіп түскен бойда жасақ жіберіліп, 8 адамның құтқарылғанын айтты.

“2022 жылғы 5 қыркүйекте сағат 23:26-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшелері Тұран даңғылы 19, "Керемет" БК бойынша адамдар лифтіде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар келген кезде лифт есігі ашылмайтыны анықталды. Авариялық-құтқару операциясын жүргізуге кірісу арқылы лифт есігін ашып, нәтижесінде 8 адам құтқарылды”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысы.

 

Талқылау