"Жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн": Тоқаев тәртіпсіздіктерге қатысқандарға қатысты бас прокуратураға тапсырма берді
Тоқаев бас прокуратураға тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдай кезінде ұсталғандардың барлығының кінә дәрежесін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жазаның деңгейін қылмысқа қарай белгілеу керегін алға тартты. Ауыр қылмыс жасағандар заңға сәйкес жазасын алады.
"Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн. Қаңтар оқиғасы мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Ауыр қылмыс жасаған тұлғалар заңға сәйкес жазаланады", - дейді Тоқаев.
"Топыраққа көміп, үстіне хлор төккен": Алматы облысында көз жұмған жігіттің өлімі туралы жақындары мән-жайын айтты
Марқұмның қазасы оның жақындары мен достарына ауыр соққы болған
Депутат белсенді биологиялық қоспалар онкология тудырады деп мәлімдеді: Бұл қаншалықты рас
Маман: "Салдары ұсынылған дозадан асырып қолданғанына байланысты"