Синоптиктер еліміздің қай өңірінде қар жауатынын айтты
Мамандар 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" деректеріне сүйенсек, еліміздің оңтүстігінде алдағы уақытта жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауады деп болжануда. Ал оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сионоптиктер болжамына сәйкес Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын (көбіне қар түрінде), төмен бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде солтүстікте 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяз, ал батысында 0-10 градус аяз күтіледі.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды