Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауапты сәтте сенім артты": Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованы жаңа кәсібімен құттықтады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі енесі ашқан су жаңа дүкенінің лентасын қиды. 

"Бүгін Алматыда Гүлзира Үсенқызының дүкенінің ашылу салтанатына қатыстым. Лента, тұсау кесетін жасқа жетіп қалғанымды байқамай қалыппын. Жауапты сәтте маған сенім артып, тапсырғаныңызға рақмет. Кәсібіңіз берекелі, табысты болсын", – деп жазды актриса. 



Табысы артып, кәсібі дөңгелеп отырған жұлдызды продюсер құттықтап келген оқырман қауымға алғыс білдірді. 

“Күні кеше менің екінші дүкенімнің ашылуы өтті. Келген достарым мен оқырмандарыма алғысым шексіз! Ол кісілерге де сырттай қарап тілеулес болып отырған оқырмандарым сіздерге де адал еңбек, табыс және еңбектеріңіздің жемісі мен жетістігін көрулеріңізді Алла жазсын!”, – деп ризашылық білдірді Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға тап болып, алданып қала жаздағанын жазған едік. 

Талқылау