Жаттығу залында соққыға жығылған Әсел Асқар жанжалдың немен аяқталғанын айтты
Отадық блогер, тележүргізуші Әсел Асқар фитнес клубта кәсіби спортшы өзін бірнеше рет соққыға жыққанын айтып, шағымданған болатын. Блогер келеңсіз жағдайдың немен аяқталғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/assel.askar
Желі қолданушыларының бірі кәсіби спортшымен арада болған жанжал немен аяқталғанын сұрады.
“Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Кейін ол кешірім сұрады және кешірімін қабылдадым. Сонымен қатар мен де өз кезегімде кешірім сұрадым. Жанжал шешілді”, – деп жауап берді Әсел Асқар.
"Әсел Асқардың өзі жанжал шығарып, балағаттады": Фитнес клубтағылар өз нұсқасын айтты
Айта кетейік, блогер Әсел Асқар фитнес клубта белгісіз ер адамның өзін соққыға жыққанын айтып, полицияға шағымданған болатын. Кейін спортшының 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады