Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасын сыйлайық":  Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваны жақтап сөйледі

Роза Рымбаеваның Иманбекке қатысты айтқан пікірі ел арасында үлкен дау тудырды. Бірнеше күннен бері халық әлеуметтік желіде Халық әртісінің сөзін талқыға салып, сынға алуда. Ұлы Әлидің айтуынша, анасын қарғап-сілеп, өлім тілеген жандар да табылған. Бұл ретте әншінің өнердегі әріптестері де үнсіз қалмады. Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызын қолдап, жақтап сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау! Әрине, Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап, тамсанып, әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy-ді беріп, қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің Иманбек, көрші Ресей елінің халқы біз үшін қуанып, құттықтап жатты… Сөзсіз Иманбек бағы жанған, өте талантты, білімді, қарапайым біздің мақтанышымыз!

Бірақ еліміздің Халық әртісін, 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып, жерден алып, жерге салып жатқанын көру өте ауыр, бұл ол кісінің жеке ойы, жасын сыйлайық, құрметпен қарайық, достар!" – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің "Grammy" байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді. 

Бұған дейін, Әли Оқапов та болған жайтқа қатысты өз ойын білдірді. Ол анасымен келіспейтінін, алайда оның да өз пікірі бар екенін жеткізді. Оқапов отбасының атынан Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады.

Талқылау