"Жасы үлкен қыздар ұнайды": Әміре қыздардың бойындағы қандай қасиетті бағалайтынын айтты
Әнші Әміре болашақта өзін бизнес әлемінен көретінін айтты. Ол "қартайғанша ән айтқысы келмейтінін" мәлімдеді. Сондай-ақ, бойдақ сері қандай қыздарды ұнататынын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Құдайдың қолында", - деді ол.
Сондай-ақ, әлі үйленбеген сері нәзік жандылардың бойынан даналықтан қарағанда сұлулықты жоғары бағалайтынын айтып өтті.
"Сұлу. Сұлу қыздарды (әйелдерді) ұнатамын", - деді ол.
Әміре өзінен жасы үлкен қыздарға ынтық екенін жасырмады.
“Жасы үлкен қыздар ерекше ұнайды”, – деді Әміре.

Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды