Жасанды интеллект адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Didgital bridge 2023” форумында жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет екенін жеткізді. Атап айтқанда құқықтық шарттарды нығайтуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдету керек екенін алға тартты.
“Бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдады. Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ "ойын ережелерін" қалыптастырған жөн. Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар