Жас жұбайлар үйлену тойында қонақтарға тамақ қалдықтарын берді
Британдық жас жұбайлар үйлену тойларына келген қонақтарын тамақ қалдықтарымен күтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үйленген Кейли және Джо Тилстонов қонақтарға мейрамханада қалып қойған тамақтардан ас әзірлеп берген. Ас мәзірінде қызыл крестьян мен алабұға, сиыр еті, шошқа еті, тауық еті, сондай-ақ вегетариандық және глютенсіз тағамдардан болған.
Жас жұбайлар той біткенше тамақтың қалай әзірленгенін ешкімге айтпаған. Тек тойдан кейін ғана қонақтарға тамақ қалдықтарынан дастархан жайғандарын мәлімдепті. Мұны естігендер не дерін білмей сасып қалған. Ал кейбіреулер тамақ қалдығын жегені үшін жиіркенбестен, тағы қосымша тамақ сұраған.
Кейли және Джо осылайша ысырапшылдықты жоюға болатынын айтады. Егер тамақтың қалдықтарынан ас әзірлесе, онда арзанға шығады екен. Сонда 300 адамды қысылмай тамақтандыра аламыз дейді жас жұбайлар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар