Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

Қытайда жас жігіт он минутта 1,5 литр қатты газдалған сусын ішемін деп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Газета.ru" басылымына сілтеме жасап. 

Daily Mail басылымы Coca Cola екенін мәлімдеді.

Ол күн ыстық болғандықтан, бір жарым литр сусынды бірден ішкен. Кейін іші қатты ауырып, ісіп кеткен.

Бейжіңнің Чаоянь госпиталі дәрігерлерінің айтуынша, 22 жастағы жігіт бір бөтелке сусын ішкеннен кейін алты сағат өткен соң маман көмегіне жүгінген. Дәрігерлер бауырға газбен күресуге көмектесетін дәрі берді. Алайда ер адам 18 сағаттан кейін көз жұмды.

Медициналық есепке сәйкес, сусынды тым тез ішкендіктен, ішекте өте көп мөлшерде газ жиналған. Қысыммен газ қақпалық көктамырға түсіп, бауырға оттегі жетпей қалған. Пациентті сою кезінде бауыр ишемиясы анықталды.

Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры Натан Девис жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады.

Талқылау