Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек күйеуін құрбысына қосқысы келген қайын сіңлісі туралы айтты

26 жастағы келіншектің тұрмысқа шыққанына биыл 6 жыл толған. Ол осы уақыт ішінде туған қайын сіңілісі мен әпкесінің тарапынан қорлық көріп келе жатқанын айтты. Қайын сіңлісі күн көрсетпегенімен қоймай, ағасын өзінің құрбысына үйлендірмекші екен.

crop

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Тұрмысқа шықпас бұрын екі қайын сіңілімнің бар екенін білдім. Біреуі менен екі жас үлкен, екіншісі менімен құрдас. Екеуімен де жақсы, тату өмір сүріп жатқан жоқпыз. Көбінесе өзіммен жасты қайын сіңіліммен сыйым жараспайды. Бір үйде тұратындықтан, арамызда жиі кикілжің болып жатады. Ол мені басынан бастап жақтырмаған секілді. Өйткені, келін болып түскен кезімде маған деген көзқарасы жаман болды. Уақыт өте келе көзқарасы өзгеретін шығар деп ойладым. Араласқан соң татуласып кетеміз деп ойладым. Бірақ, 6 жыл ішінде ешнәрсе өзгермеді. Сол қалпы мені жеккөріп кетті. Ағасын менен қызғанады, балаларымды жақтырмайды.

Бұл туралы онымен ашық сөйлесіп көрдім. Бірақ, татуласа алмадық. Менің алдымда шынайы бейнесін көрсетіп, өзгелердің алдында бетперде киіп жүреді. Үй тірлігіне пысық емес екенімді бетіме басады. Тамақты дәмді жасаймын деп ойлаймын. Себебі, үйдегі басқа адамдарға ұнайды. Тек қайын сіңілім ғана жақтырмайды. Дастархан басында отырған кезде басқалардың көзінше маған сын айтып қалуға тырысады. Тамақ ішпей, тұрып кете салуы да ғажап емес. Көңілге тиетін әрекеттерді көп жасайды. Бірнәрсені дұрыс істемей қалсам, соны енем мен күйеуіме барып айтып береді.

Ол – біздің үйдің еркесі. Шыны керек, оған қандай жеңге керектігін түсінбеймін. 6 жыл ішінде жақсы да, жаман да болып көрдім. Мүлдем көңілінен шықпадым. Менің ойымша, оның басқа бір мақсаты бар сияқты. Жақын құрбысы кезінде менің күйеуіме көз салған екен. Мен келмей тұрғанда, қайын сіңілім сол екеуін қоспақ болған. Сол құрбысын әлі күнге дейін үйге ертіп әкеледі. Бір жерден келсем, үшеуі үнемі шай ішіп отырады. Яғни қайын сіңілім күйеуім екеуімізді ажырастырғысы келіп жүрген сияқты.

Бастапқыда бұл туралы күйеуіме айтып көрдім. Бірақ, ол араласқысы келмеді. Бір жағынан туған қарындасы, екінші жағынан әйелі. Мүлдем ондай әңгімелерді тыңдағысы келмейді. Жалпы қайын сіңілім қыдырғанды ұнатады. Бар білетін шаруасы сол. Үй шаруасына мүлдем араласпайды. Барлық шаруаны өзім істеймін. Менің басыма әбден шығып алған. Мені жеңге ретінде мүлдем сыйламайды. Мен ол үшін үй қызметкері сияқтымын. Заттарымды да сұрамай алып кие береді”, – дейді Сара.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр

Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады

Талқылау