Жартылай жалаңаш жігіттер Ақтөбе әкімінің суретін сүйіп, ерекше құттықтау жолдады (видео)
Африкалықтар түрлі қимыл-қозғалыстар жасап, әкім Асхат Шахаровға сәлем жолдаған видео желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
3 қазанда Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров 43 жасқа толды. Ол көптеген спорттық атақ иегері, дзюдо және самбодан еңбек сіңірген спорт шебері. Әкім ешкімге ұқсамайтын ерекше құттықтау иесі атанды. Видеода жартылай жалаңаш жігіттер тобы: "Асхат Шахаров Туған күніңмен" деп дауыстап қайталайды.
Шенеуніктің суретін ұстап тұрғандардың бірі оны сүйеді. Содан кейін “әртістер” әкімге арнап би билейді. Жігіттер Юрий Шатуновтың әніне билеп, шенеунікке “жүрек” жібереді.
Оралдық қыз "Барби" қуыршағына ұқсау үшін қабырғасын алдырып тастаған
Еске салсақ, жақында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар осыған ұқсас жағдайға тап болды. Ол кезде әкімді туған күнімен емес, "Ең үздік әкім" деп арнау жасаған. Белгілі болғандай, бұл құттықтаулар шығармашылық бизнес-жоба екені айтылды.
20 жастағы жігіт Ақтөбеден Алматыға пойыздың төбесіне мініп жетпек болды