Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 шақырым жаяу жүріп өткен: Ай-күні жеткен келіншекке ешкім тоқтамаған

Арыстағы жарылыс кезінде перзентханада жатқан әйелдер эвакуациялау орындарына жіберілген. Көлік таппаған 22 жастағы келіншек  8 шақырым жолды жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

фото: Stan.kz

Арыстағы әскери бөлім жарылысы кезінде ай-күні жеткен 22 жастағы Кенжегүл Бекасыл перзентханада жатқан. Екінші баласын босанғалы отырған ол дүмпуді ести сала елмен бірге сыртқа шығады. Көлік таппаған соң, «41 разъезд» деп аталатын аймаққа дейінгі 8 шақырым жолды жаяу жүріп келеді. Қасында әскери қызметкер де болыпты. Жас ананың айтуынша, оған жол-жөнекей Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін тасып жүрген жүргізуші ғана тоқтаған. Қаланы дұрыс білмейтін көлік жүргізушісі адасып жүріп келіншекті Қазығұрт ауданындағы Ақтас елді мекеніне жеткізеді. Ауруханаға жете алмаған Кенжегүл Бекасыл ауыл тұрғынының үйінде босанып қалады. 

«Алғашында, бәрі бітті деп ойладым. Сосын балам үшін жан сауғалап, алға жүруге бекіндім. Қанның қызуымен, ауруға шыдамай біраз шақырым жолды жаяу жүріп өтіппін. Қазір менің де, қызымның да жағдайы тамаша. Бүгін перзентханадан шығамыз. Өмірімізді сақтап қалған көлік жүргізушісінің құрметіне, қызыма оның анасының атын бердім», - дейді Кенжегүл Бекасыл Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

"Жұмысты тастап кетуге болмайды": Қызметіне адал арыстық банк күзетшісі марапатталады>>

Жарылыс кезінде босанған келіншек 8 шақырымды жүгіріп өткен

"Арыстағылардың бәріне көмектескім келеді": 10 жастағы балақай екі жыл жинаған ақшасын зардап шеккендерге аудармақ>>

Ана мен баланың жағдайы қазір тұрақты. Дәрігерлер тиісті медициналық тексеруден өткізген.

Талқылау