Жәрдемақысын інісінің еміне құртқан: Салмағы 20 кг, өзі тек күрішпен қоректеніп келген бойжеткен көз жұмды
Қытайда тек қана күріш жеп, өмір сүріп келген бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 жастағы жастайынан жетім қалған Ву Хуаян есімді қыз тек қана жәрдемақыға өмір сүріп келген. Оның тойымды тамақ сатып алуға аұшасы жетпейді екен.
135 см бойлы қытайлық азаматшаның салмағы небәрі 21,6 килограммды құрапты. Ол айына 300 юань (шамамен 15 мың теңге) сомалық жәрдемақы алып келген. Десек те бұл ақшаны қыз өзіне емес, психологиялық дертке шалдыққан інісіне құртып келіпті.
Былтырғы жылдың күзінде Вудың жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған жәрдемақысынан он есе көп ақша кететін ота жасалу керек деп айтыпты. Мұны естіген Бежіңнің қайырымдылық қоры қызға ақша жинауға кірісіпті. Бірақ қажетті сома сол күйі жиналмапты.
Әлеуметтік желі қолданушылары биліктің бұл жайтты ести тұра шарасыздық танытқанына наразы болыпты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр