"Жарасымды жұп": Жарқынай Ханайым желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді
Желіде Жарқынай Ханайым мен актер Шәріп Серікке ұқсайтын жұптың фотосы пайда болды. Суреттен екі жастың бір-біріне ғашықтардай қарап тұрғанын көруге болады. Көпшілік алғашқы некелері сәтсіз аяқталған қос өнер иесі табысты деп болжады. Жарқынай Ханайым аталған суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айдармен не деген махаббатпен үйленген еді. Бақыты болмаса, қыз баланың тағдыры қиын. Түсінемін, бақытты болуға қақысы бар", "Айдармен қосыл", "Мұртекеңді қой, бұдан Айдар жақсы", "Кино немесе клип шығар", – деп пікір білдірді оқырмандар.
Алайда суреттегі ару Жарқынай емес, басқа ару болып шықты.
"Ал енді мына фотоға келсек, түсірілім де, клип те емес. Фотодағы мен емес. Ешкім ажырата алмады. Қырағы көздеріңіз қайда? Тапқан адамға сыйлық жібергім келген. Біреуіңіз "сен емес" деп жазбадыңыздар", – деп ренжіді Жарқынай Ханайым.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген