AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэнің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасаған 41 жастағы Тецуя Ямагами шабуылдан аз уақыт бұрын өзінің жоспарын меңзеп хат жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yomiuri газетіне сілтеме жасап.

Синдзо Абэ

Басылымның дереккөзі жаңа мәліметтерді айтты. Оның сөзінше, қылмыс жасалғаннан кейін Жапонияда тұратын ер адам өзінің кіріс жәшігінен хабарлама тапқан. Онда Ямагами отбасының қаржылық күйреуіне "Бірлестік шіркеуі" діни ұйымын айыптап, оны сынға алған.



Конвертте жіберушінің аты болмаса да, оның ішінде анасы мен "Бірлестік шіркеуі" арасындағы келісім-шарт болған, онда Ямагамидің есімі мен мекен-жайы жазылған. Мәтінде Ямагами Абені кінәлі деп санамайтынын жазған. Соған қарамастан ол саясаткердің діни ұйымға жанашырлықпен қарайтынын мойындады.

Еске салсақ, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нара қаласында сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз біреу оқ атып, қаза тапқан болатын.

Синдзо Абэні өлтіргені үшін ұсталған 41 жастағы Тецуя Ямагами Жапонияның бұрынғы премьер-министрі отбасын қаржылық қиыншылыққа ұшыратқан бірнеше "адамдар тобының" қатарында болғанын айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр