Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасым құрдымға кетті": Синдзо Абэні өлтірген қылмыскер қанды қылмысқа баруының себебін түсіндірді

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтіргені үшін ұсталған 41 жастағы Тецуя Ямагами тергеушілерге өзінің мұндай әрекетке не себепті барғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы NHK телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синдзо Абе убийца

Күдіктінің айтуынша, Абэ Ямагами отбасын қаржылық қиыншылыққа ұшыратқан бірнеше "адамдар тобының" қатарында болған. Оның айтуынша, анасының бұл топқа үлкен қайырымдылық жасауынан отбасының бүкіл өмірі "құрдымға кеткен", делінген хабарламада.

Әңгіме қандай "адамдар тобы" жайлы боп тұрғаны нақты аталмайды. Істі тергеп жатқан Нара префектурасының полициясы да бұл тақырыпқа түсініктеме беруден бас тартып, мұны тергеу мүддесі үшін деп түсіндірген.



Сонымен қатар, жапондық "Асахи Симбун" газетінің жазуынша, Ямагами жауап алу кезінде "Абэге ешқандай саяси дұшпандығы" жоқ екенін айтқан.

Басылым қайғылы оқиғадан бұрын түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан Абэден 5-10 метрдей артта жиналған жұрттың арасында жайбарақат тұрған кісі өлтіруші деп болжанған адам көрінеді.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық 8 шілдеде Жапонияның Нара қаласында сайлауалды үгіт-насихат шарасы кезінде жасалды. Кісі өлтіруші саясаткерге арт жағынан келіп, оған екі рет оқ атқан. Синдзо Абэ тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, онда 20 дәрігер оның өмірі үшін төрт сағаттан астам күрескенімен, экс-премьерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Шабуыл кезінде қолданылған қару қолдан жасалған. Абэ атылған жерге жақын жерден қара скотчпен оралған қос ұңғылы құрылғы табылды.
Қылмыс орнында Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қызметкері Тецуя Ямагами ұсталды. Кейін полиция оның үйінен тағы бірнеше қолдан жасалған атыс қаруы мен жарылғыш заттарды тапқанын хабарлады. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Талқылау