AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұған дейін өз анасын пышақтап өлтіргені үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған": Алматы облысында ер адам көршісін жауыздықпен өлтіріп, 9 жасар баланы жарақаттаған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында ер адам егде жастағы көршісін пышақтап өлтіріп, 9 жасар баланы жарақаттаған. Марқұмның қызы Тахмина Салтакинаның сөзінше, бұл оқиғадан кейін ұлы Александр мүгедек болып қалған. Ал қылмыскердің кінәсі дәлелденгенімен, сот шешімімен түрмеге емес, психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Алайда ол ауруханадан кез келген уақытта шығып кете алады дейді. Тахмина Салтакина Stan.kz тілшісіне істің жай-жапсарын айтып берді. 

бала

Вера Салтакина мен Александр. Сурет отбасының рұқсатымен жарияланды

Алматы облысының тұрғыны қанды оқиғаның 2021 жылдың 11 шілдесінде болғанын айтады. Бұл күні анасы мен 9 жастағы ұлы үйде болған. 

"Бізде екі үйге бір аула, яғни екі үй жапсарластыра салынған. Бір үйде анам мен ұлым, екіншісінде көршілеріміз тұрды. Үш жыл бұрын көрші әйел Константин деген азаматқа тұрмысқа шыққан. Бұған дейін арада ешқандай жанжал болмаған. Бірақ тату тұрды деп те айта алмаймын. Сол күні ол анамнан ішімдікке ақша сұрап келген. Біріншісінде анам қуып жіберіпті. Ал екінші рет келгенде бір қолына балта, екінші қолына пышақ ұстап келген", – дейді Тахмина Салтакина. 

Екінші рет әдейі кісі өлтіруге оқталып келген. Тіпті балта мен пышақты қайрап отырғанын басқа көршісі де көрген. 

"Ол балтасын қайрап, басқа көршімізге көрсеткен. Кісі өлтіретінін қайдан білсін. Анамның үйіне келген соң, "Ақша бер немесе жаныңды аламын" деген. Анам бермейтінін айтып, қуып жібермек болыпты, осы кезде маңдай тұсынан балтамен екі рет ұрған. Шулаған дауыстарды естіген ұлым Александр басқа бөлмеден атып шығыпты. Ұлымның көзінше анамды төрт рет пышақтаған. Александр қатты қорыққанынан қолына түскен заттарды Константинге қарай лақтырған. Осы кезде ол Александрды пышақпен қуыпты. Жеткен соң кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Өкпесі, бауыры зақымдалып, оң жақ бүйрегін алып тастауға тура келді", – деп қосты ол. 

Әйел осы жағдайдан кейін көршісі басқалардан полиция шақыруын сұрап, өз үйіне кіріп кеткенін айтады. 

"Хабарды естіп, бірден үйге келдім. Анам ол кезде тірі еді. Ұлым да ауыр жарақат алған, көршілерім бірден ауруханаға алып кетіпті. Алайда көп ұзамай анам жан тапсырды. Балам Александрға екі ота жасалып, дәрігерлер өмірін сақтап қалды. Қазір қатты дыбыстардан қорқады. Отадан кейін не болғанын өз аузымен айтып берді. 4 ай психологпен жұмыс істеген соң ұлым өзіне келді. Бастапқыда әжесінің өліміне өзін кінәлады. Кейін үнсіз отыра беретін болды. Тіпті "Өскен соң оларды да дәл солай пышақтап өлтіремін" деп айта бастады. Қазір жағдайы жақсы. Бірте-бірте оңалып келеді", – дейді Тахмина Салтакина. 

Тахмина Салтакина қанды оқиғадан кейін тергеу 11 ай жүрді дейді. Дегенмен бұл кезде де бірнеше шикілік болған екен. 

“Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүрді. Баламның жағдайы ауыр болғандықтан, барлығын бақыламадым. Сараптама нәтижесі бойынша Константиннің қылмыс жасау кезінде өз әрекетіне жауап бере алмағаны, яғни есі дұрыс емес екені анықталды. Ол – шизофренияға шалдыққан адам. Тергеу аяқталған соң сот болатыны туралы хабарлама жібермеді. Тек көршіміздің үйіне хат келген. Тергеуші бізге қашан болатынын ескертпеді. Бірінші отырыстың болғанын мен Константиннің әйелінен естідім. Тіпті соттың қаулысын өзім сұрап, кейін ғана ала алдым", – деп қосты Тахмина. 

Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті екінші рет Алматы облысындағы Ақтас психиатриялық ауруханасына жатқызылған. Ал қылмыстық іс тоқталыпты. 

"Судариков К.В. өз әрекеттеріне жауап бере алмайтын жағдайда Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 5 және 8-тармағы, 99-бап 3-бөлігі, 192-бап 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша қаралатын қылмыстық істі жасады. Оған мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара тағайындалсын. Қылмыстық іс тоқтатылсын", – делінген сот қаулысында. 

Алайда марқұмның туыстары мұндай жазамен келіспейді. Сөздерінше, қылмыскер емделген соң кез келген уақытта дәрігердің рұқсатымен бостандыққа шығып кете алады екен. 

"Ол бұған дейін анасын пышақтап өлтіргені үшін Ақтастағы психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Кейін Талғардағы ауруханаға ауысқан соң, сол жерде әйелімен танысқан. Үйленіп, біздің ауылға келді. Енді тағы да ауруханадан шығып кетпесіне кім кепіл. Кейін шыққан соң басқа адамның өмірін құртуы мүмкін. Мұндай өз әрекетіне жауап бере алмайтын адамға қоғамда орын жоқ. Қазір ауыл тұрғындары Константин қайтып келе ме үрейленіп отыр", – деді Тахмина Салтакина. 

Әділдік іздеген ана қылмыскер өмір бойына қамалса дейді. 

"Балам қатты дауыстардан қорқады. Бастапқыда түнде оянып жылайтын. Қазір мүгедек, жыл сайын сараптама тапсырып, мүгедектігі жайлы анықтама алып отыруымыз керек. Бір отбасыны ойрандаған адамға қатысты тым жеңіл жаза тағайындап отыр. Сонда әділдік қайда?" – деп аяқтады сөзін ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр