Жапонияда кәмелеттік жас төмендетілді
Жапонияда 140 жылда алғаш рет кәмелеттік жас 20-дан 18-ге өзгертілді. Азаматтық кодекске енгізілген түзетулер 1 сәуірден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Азаматтық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты, екінші азаматтығы бар жапондықтар енді тек бір елдің азаматтығын таңдауға мәжбүр болады.
Атап өтетін жайт, заңға енген өзгерістерге қарамастан, кәмелеттік жасқа толғандар әлі де табак, алкоголь өнімдерін сатып ала алмайды, сол сияқты құмар ойындарға қатысып, ақша тіге алмайды. Бұған тек 20 жастан бастап рұқсат етіледі.
Сайлауға қатысу тәртібіне келсек, 2016 жылдан бастап бұл елде 18-ге толғандар дауыс бере алады.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты