Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаныма батып кетті: Дастан Оразбековтің келіншегі отбасын құруға өзі ұсыныс білдірген

Дастан Оразбеков қазіргі жары, балаларының анасы Жанатпен қалай танысқанын әңгімелеп берді. Айтуынша, оны келіншегімен құрбыларының бірі таныстырған. Алайда Дастан Жанатты алғаш көргенде аса ұнатпапты. Кейін көзі түсіп, сезімін білдіргенімен, отбасын құру туралы ұсыныс ең алғаш Жанаттың тарапынан түскен.

Дастан Оразбеков

Бұл туралы Дастан “Еуразия” арнасының “Қалаулым” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Біздің танысуымыз аса қызық болды деп айтпаймын, бірақ менің жүрегімде мәңгі есте қалатын дүние. Біздің қасымызда құрбымыз болған. Әсем бір күні бильярдқа кездесуге шақырды. Қасында кепка киіп алған, өзі сүйкімді қыз болды. Әсем: “Танысып қойыңыздар, сіздердің тегтеріңіз бірдей”, – деді. Менің фамилиям сирек кездеседі. Соған кішкене таңданған болатынмын. Бірақ бірінші рет “не очень”. Аса көңілім қалаған жоқ. Екінші рет Әсем алғашқы табысын алып, соны “жууға” шақырды. Көңіл көтеруге келіп отырмыз, сол кезде сүйіктіміз Құдай-ау құлпырып, әйбат көйлегін киіп келген. Көзім де түсті, ойым да кетті. Әрі қарай ер азаматтың әрекеті басталады. Кездесуге, киноға шақырдым. Алғаш рет өзімнің студияма шақырдым. Студияда ән жазып, соны әңгіме етіп сылтауратып, сөйтіп бақытты болып кеттік”, – дейді Дастан.

Дастан Жанатты ұнатып, оның көңілін табуға тырысқанымен, ұсыныс жасауға асықпаған. Ақырында Алматының ару қызы шыдамастан, той туралы сөз қозғаған көрінеді.

“Әрбір өнер азаматының жүрегінде романтика міндетті түрде болады. Бірақ мен оңтүстіктің азаматы болғандықтан, сондай нәрсеге қатты қызыққан емеспін.

Келіншегім өзі ұсынған болатын, өйткені өзі Алматыда өскен, қаланың қызы. “Сен неге маған ұсыныс жасамайсың?” – деді. Бірақ біз алдын ала келісіп қойдық. Екеуміз отау құрамыз, ерлі-зайыпты боламыз деп… Айтқаннан кейін жаныма батып кетіпті. Сөйтіп келіп, үшінші қабатқа қарап, серенада айта бастадым. Ешкім шықпайды. Тағы да айттым, тағы да ешкім шықпайды. Телефонына звондадым, “айналайын, шықсайшы” деп. Неге шықпай қалды деп ойламаңыздар, ол кезде түнгі сағат 3 болатын, ұйықтап жатқан қызды мазалап, ұсыныс жасаған болатынмын. Қолымда гүл, көзімде жас, айналайын маған тұрмысқа шықшы деп сұрандым”, – дейді Дастан.

Айта кетейік, Дастан мен Жанат Оразбековтердің қос ұлы бар. Жұлдызды жұптың жанұясы 2017 жылдың соңында тағы бір жанмен толыққан еді.

Тағы оқыңыз: 

Ғаділбек тікелей эфирде сұхбат беремін деп МАИ қызметкеріне ұсталып қалды (видео)

Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді

Хайп жасадық: Арман мен Аша 3 жыл бойы елден не жасырған

Қазақ тіліне арналған күн: Баян Алагөзова жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Талқылау