Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік орыс тілінде көбірек сөйлегені үшін буллингке ұшырағанын мәлімдеді

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде мектептегі буллингке қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі "Мектепте буллинг болды ма? Әдетте жасөспірімдер өздерінен біреудің артық екенін мойындағысы келмейді" деп сұрақ қойған. Шахматшы өз жауабында әр адамның белгілі деңгейде буллингке ұшырайтынын айтып өтті.

"Мен көбіне орыс тілінде сөйлегенім үшін буллингке тап болдым. Оның үстіне кей сыныптастарыма менің қашықтан оқитыным ұнамайтын. Олар оқып жүргенде, мен рахаттанып көңіл көтеріп жүргендей көрінетін. Әйтсе де мен 6-7 сағат жаттығып, тағы 2 сағат спортпен шұғылданатынмын. Барлығы "көңілді" еді. Қуанышқа орай мені бұл нәрсе қатты толғандырмайтын, сондықтан әрі қарай өз ісіммен шұғылдандым", – деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 21:00
Талқылау