"Жансақтау бөліміне жатқызылды": Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер дельтапланмен ұшып бара жатып, көлге құлаған ер мен әйелдің ауыр жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
“Олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлердің айтуынша, олар анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылған. Сондай-ақ науқастарға шокқа қарсы терапия және толық клиникалық-диагностикалық аспаптық зерттеу жүргізіліп жатыр.
“Талдықорғаннан ауруханаға екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді. Ауруханада науқастарды емдеуге қажет барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда", – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салайық, бұған дейін екі адам Алакөлге дельтапланнан құлап, зардап шеккені туралы жазған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін