Жанқош Тұраровтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде шаршы алаңға қайта оралып, IBO World және WBA World Gold титулдарын қорғайды. Дегенмен Тұраровтың кімге қарсы жұдырықтасатыны әлі белгісіз.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

