Жәнібек Әлімханұлы чемпион атағын қорғау алдындағы дайындығын көрсетті
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғау алдында жаттығуын жалғастыруда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 мамырда Жәнібек Стоктон Аренада (Калифорния, АҚШ) канадалық боксшы Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 12 раундтан тұрады. Бұл қазақстандық үшін өткен жылдың қараша айында өткізген бірінші титулды екінші қорғауы болмақ.
Әлімханұлы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Бейнежазбада боксшының жұдырықтасу жаттығуларының шағын бөлігін көруге болады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік

