Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды
Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы Лас-Вегаста АҚШ-тан британдық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Бірінші раундтың өзінде Дигнум нокдаунға түскен.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы про-рингте он екінші жеңіске жетіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атанды. Дэнни Дигнум кәсіпқойлар арасында бірінші рет жеңіліп отыр.
- Артында үш баласы қалды: Қызылордада атыс кезінде қаза болғандардың бірі танымал боксшы болып шықты
- "Вегасқа баратын жол бар": Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Данияр Елеусіновке видео үндеу жолдады
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде екенін еске саламыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"