"Вегасқа баратын жол бар": Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Данияр Елеусіновке видео үндеу жолдады
Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль Альваресті жеңген соң Данияр Елеусіновке жүгінді.
Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы қазақ боксшысына үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Данияр, тыңда, Токмоктан Вегасқа баратын жол бар екен, солай ма? Тек оған бару керек!", – деді Бивол.
Елеусінов пен Бивол бір-бірін жас кезден бастап таниды. Олар бокспен айналысып жүрген жасөспірім шақтан халықаралық турнирлерде кездесіп жүрді, бірақ әртүрлі салмақта өнер көрсетті.
Дмитрий Бивол 1990 жылы Қырғызстанның Токмок қаласында дүниеге келген. Ол бокстан Қырғызстанның жастар құрамасының мүшесі болды. Бала кезінде Қазақстандағы турнирлерге бірнеше рет барды. Спортшының отбасы Ресейге 2002 жылы көшіп келген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”