Жәнібек Әлімханұлы 2023 жылдың алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) алдағы уақытта рингке қайта оралуды күтіп жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы келесі аптада жекпе-жекке қатысты жаңа мәліметтер шығуы мүмкін екенін айтады.
"Барлық жанкүйерлерім секілді мен де жекпе-жектің уақыты мен қарсыласымның есімін күтіп жүрмін. Келесі аптада барлығы шешіледі деп үміттенемін", – деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.
Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғап, британиялық Дензель Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңген еді.

