Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанель Мақажанға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

Актриса Жанеь Мақажанға сүйіктісі Абай Асылхан ұсыныс жасады. Актер сезімін білдіріп, мәңгілік жар болуды ұсынды. Жанель көп ойланбастан оң жауабын беріп, қуанышын атап өтті.

“Қыздар, менің оны не себепті таңдағанымды түсінген шығарсыздар. Ол жанып тұрған от секілді. Мен көргім келген қасиеттің бәрі оның бойында бар. Оның адамгершілік қасиеттерін күні бойы тоқтаусыз айта беруге болады. Менің қол жеткен жетістігім. Ол үшін Аллаға сансыз шүкіршілік етем.

Бүгін адамдар алдына шығып, алғаш рет сүйіктімді мақтан тұтатынымды айтқым келіп тұр. Менің ғарышым. Менің планетам. Менің қорғаным мен арқасүйерім. Менің жалыным. Менің әлемім. Менің джентельменім. Сен мені бақытты еткенің соншалық, мен кейде қорқа бастаймын. Біздің оқиғамызды естіген әрбір адам бізге бақыт тілеуде. Бүгін тойдан қайтқан бір әйел бізге үлкен бақыт тіледі. Сен мен ешқашан сезінім көрмеген бақытты сыйладың. Мен сені сүйем”, – деп жазды Жанель Мақажан. 



Сүйіктісі Абай Асылхан көпшілік алдында Жанельге сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты. Актриса оның ұсынысын қабыл алды. 

"Жақсы сөз – садақа". Адамның көңіліне медеу боп, жанын жадыратып, бір ауыз сөз неткен құдіретті! Жаныңа жақын жаныңның мейірімге толы сөздеріне еркелеп, оның қабағынан жылулықтың лебін сезген қандай бақыт!

Оның бір ғана сөзінен қанаттанып, бар әлемге ғашықтың күйін кешесің.
Адам сауапты бір ғана сөзден алатынын білесіз бе? Иә. Сүйген адамыңыз жүзіңізге күлімдеп қарап, бір жылу сөзді аямаған болса, ол да сауапты іс. Тіпті өзің түгіл өзгеге ізгі ниет пен мейірім сөздерін жолдаған болсаңыз, ол сіздің де, екінші адамның да көңілін жадырататыны анық.

Абай еркелеткенде қалай майысып қалатынымды өзім байқамайды екенмін.
Оның әрбір еркелетіп сөйлегені, мені қалай қанаттандыратынын білсеңіз ғой. Ал менің оны қалай атайтынымды білгіңіз келсе: “Жүрееееегім”, “Тіреееегім”, “Әлемім”, “Бабай” (бұл сөз, бірнәрсе ұнамай қалса шығады. Ал егер де атын атасам, көздері шаранасынан шығып кетердей, бірдеңе болып қалды ма деген сыңай білдіре, “Неге Абаааай?” дейді. Ең терең сөздердің бірі “Алламның берген сыйы!”, “Мен сені Аллаһ разылығы үшін сүйем!” – деген жылы сөздер көзге тіпті жас келтіреді. Бір-біріңізді еркелетуден жалықпаңызшы! Араны суытып алмау өз қолыңызда. “Мен “иә” дедім. Мен сені Алла разылығы үшін жақсы көремін”, – деді актриса. 

Айта кетейік, қос өнер өкілінің жас айырмашылығы 8 жас. Актриса сүйіктісінің кіші болғанына қарамастан оны жақсы көретінін бірнеше рет мәлімдеген еді. Актриса бұрын  тұрмыс құрған. Бірінші некесінен қос құлыншағы бар. 

Желі қолданушылары шын жүректен бақыт тілеп, қуанышты екендерін айтып жатыр.

“Сізді өмірде көрмесемде бақытты болғаңызға қуанамын”, “Бақытты болыңыз! Осылай әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін”, “Жанель сіз үшін шын жүрегіммен қуанып, кеше көз жасыма ерік бердім. Аллах жаныңыздың қалауымен бақытты да қайырлы ғұмыр кешуді нәсіп етсін. Өмірде қандай жағдай болмасын балапандарыңызға лайықты тәрбие беріп, үй шаруасы мен өнерін алып жүрген мықты жансыз. Көркем мінезіңіз, жүзіңіздің жылулығынан сезіледі. Әлемнің бар асылын тілеймін”, “Тіл көзім тасқа. Бақытты болыңдар, Жанелёк”, – деп жазды олар. 

Талқылау