Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов: 42 мың теңге үшін жиналған халықтың көптігінен-ақ елдің жағдайын түсінуге болады

42 500 теңге мен коронавирус індеті елдегі қандай кемшіліктерді ашып берді? Бұл жайлы 31 арнаға онлайн сұхбат берген айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың айтары бар. 

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Талдықорған қаласында ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Ақынның коронавирус кезінде өзі байқаған біраз жайттың басын ашып берді. 

"Халық 21 мың теңге жәрдемақы үшін небір келеңсіз жайттарға барып еді. 2-3 дүкені бар азаматтар да өтініш берген. Зәулім үйі барлар да өтініш берген еді. Заң жүзінде ажырасып, бірге тұрып жатқан ерлі-зайыптылар болды. Енді 42 мың теңге үшін де жанталасып жатқандар бар. Банктің алды адамға лық толы. Ол елдің жағдайының қаншалықты екенін білдіреді. Адамдар вирустан қорғанбаса да, балаларына сол ақшаға нан тауып беруді дұрыс санайды. Адам қарасының көптігінен-ақ халықтың жағдайы қаншалықты екенін айтуға болады", - деді айтыскер.

Бұлғақовтың өзі бұл жәрдемақыға өтініш бермеген. Себебі  өзінен де мұқтаж жандар бар екенін айтады. Керісінше, оларға көмектесіп, қол созу міндетіміз деп санайды. 

"Біз аш отырған жоқпыз, бірақ бүгін-ертең не жеймін деп отырған отбасылар көп. Соларға көмектесуіміз керек. Керегін алуға, жәрдемақы алуына қол ұшын созуымыз керек", - деді ол.

Айтыскер ақын әкесінің 60 мерейтойын орай Талдықорған қаласында зәулім сарай салып жатыр. Ұлы мерейтойға арнайы қоныс тойын тойлап, әке алдындағы міндетін өтемек. 


Тағы оқыңыз:

"Мен Қазақстанды жеймін": Белгілі айтыскердің сөзінен жұрт шошып кетті (видео)

Талқылау