Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам мерт болды
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mangystaumedia сайтына сілтеме жасап.

1972 және 1977 жылғы ер адамдар Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді.
"Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды құтқара алмады, жағдайлары өте ауыр жағдайда еді. Бақұл болғандардың барлық туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", – деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірде таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын ауданда екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Осыған дейін төрт адам көз жұмған еді.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді