Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды
Жаңаөзенде жергілікті тұрғын қару қолданған ер адамды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрда екі жас жігіттің қара жол талғамайтын көлікке бара жатқанын көруге болады. Олардың бірінің қолында қару болған. Айқай-шу, оқтың дауысына ұқсас дыбыстар естіледі. Содан кейін жол талғамайтын көлік кетіп, кадрға жердегі кір түсіп қалады.
"Бұл қан", - дейді кадр сыртында әйел.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір автокөлікті, сондай-ақ видеодағы адамдарды іздестіру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Аталған факті бойынша "102" пультіне шақырту түскен жоқ. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да шағым түскен жоқ", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар