Жаңаөзенде сауда орталығындағы өрттен кейін өрт сөндіруші жансақтау бөліміне түсті
Жаңаөзенде құрылысы аяқталмаған “Заңгер” сауда орталығынан өрт шықты. Өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шегіп, жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Наурыздың 24-інен 25-іне қараған түні ғимараттың екінші қабаты өртенді. Өрт 300 шаршы метрге жуық аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге шамамен екі сағат уақыт кетті.
“Зардап шекен өрт сөндіруші жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол дәрігерлердің бақылауында", – деп мәлімдеді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Жақын арада ер адам Ақтаудағы облыстық ауруханаға жіберілмек.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар