Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті
Маңғыстау облысында бір аптадан бері кәмелетке толмаған екі қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau басылымына сілтеме жасап.

Полиция дерегіне сүйенсек, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда жоғалып кеткен. Қыздар Жаңаөзендегі үйлерінен шығып, қайта оралмаған.
Екі қыздың да жасы 16-да. Фарида Рахат-4 шағын ауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады.
Жаңаөзен полиция басқармасындағылар жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Полицейлер қыздарға қатысты ақпарат білетін немесе көрген азаматтардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді