Жаңаөзенде иттерді аяусыз атқан азаматтар видеоға түсіп қалған
Желіде тараған бейнежазба кадрларынан ер адамның иттерді қарумен атып, кейін денелерін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады. Видеода кадр сыртындағы дауыс өлген иттердің денелерін санап жатыр - олардың саны 18. Олардың арасында тірі күшік пен овчарка иті де бар болып шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

“Біз мұнда жануарлардың барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ олар келіп иттерді өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, күлге апарып тастайды. Мұндай не болып жатыр өзі?!", - дейді зооқорғаушы.
Желіде қазақстандықтар видеоға наразы пікірлер қалдыруда. Олар шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.
- Жаңаөзенде екі әйелдің ойын алаңында төбелескені әлеуметтік желілерде таралды (видео)
- Астанада эскалатор құлады: Оқиғаның видеосы тарады
Айта кетейік, Қазақстанда қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"