Жаңаөзенде екі әйелдің ойын алаңында төбелескені әлеуметтік желілерде таралды (видео)
Жаңаөзенде екі әйелдің Арбат ойын-сауық алаңында төбелесіп жатқаны әлеуметтік желілерде таралды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түсірілімнен скриншот
Екі әйел балалардың көзінше бір-бірін ұрып-соқты. Жаға жыртысқан әйелдердің балалары жылап жатқаны бейнежазбаға түсіп қалған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.
"Тәртіп сақшылары екі әйелдің жеке басын анықтады, олар полицияға жеткізілді", – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, әйелдер бір-біріне арыз жазбады. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген