Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде халық қамауға алынған мұнайшыларды босатуды талап етіп, әкімдік алдына жиналды

Жаңаөзенде Астанаға барып, наразылық білдірген мұнайшылар қамауға алынаған соң әкімдік алдына жиналды. Олар мұнайшыларды босатуды талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңаөзен

Азаттық радиосының мәліметінше алаңға жиналғандар саны мыңнан асып кеткен. Алаңда жүрген белсенді Ерік Жұмабаев әкімдік өкілдерінің халықпен кездесуге келмегенін айтады. 

“Жаңаөзен полиция басқармасының басшысы Бекбол Қорғанбаев келгенімен, оны халық қуып жіберді. Халық ұсталғандарды босатуды, жұмыс мәселесін шешуді талап етіп тұр. Бұл маңда интернет өшкен. Қазір мына маңайда арнайы жасақ жоқ, бірақ полиция көліктері өтіп жүр”, – делінген жазбада. 

Ал белсенді Мұратбай Жұмағалиев “Власть” басылымымен телефон арқылы байланысқа шығып, жиналған саны екі мыңға жуық екенін мәлімдеген. 

Сондай-ақ мұнайшыларды босатуды талап етіп, Жаңаөзенде “Кезби” ЖШС мен “БЖБ” кәсіпорындарының жұмысшылары жұмыстарын тоқтатты. Олар видеоүндеу жолдап, өз талаптарын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Астана қалалық полиция басқармасы мұнайшылардың ұсталуына қатысты түсініктеме берген еді. 

Талқылау