Жаңаөзенде 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды
Жаңаөзенде 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Күдікті жасөспірім перинаталдық орталыққа түсік жасатуға барған соң ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы 24 ақпанда белгілі болған. 14 жасар қыз анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталықтың дәрігеріне әлеуметтік себептерге байланысты бірінші жүктілікті тоқтату үшін жүгінген. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болды.
Орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлады.
- Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған екі қызды зорлаған күдікті өз-өзіне қол жұмсады
- Жамбыл облысында апалы-сіңлілерге өгей әкелері азғындық жасап келген
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алды.
"Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан