Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы қалып қалды: Олармен кездесуге министр келді

Елорда әуежайында 30 желтоқсан күні сағат 15:00-ден 00:00-ге дейін 29 рейс орындалады деп жоспарланған болатын. Алайда елордадағы ауа райына байланысты 21 рейс тоқтатылып, сегіз рейс кейінге шегерілді. Соған байланысты Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы рейсін күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Осыған байланысты көлік министрі Марат Қарабаев жедел штаб құрды. Басқарма басшысы әуежайға барлық әуе компанияларының өкілдерін жинады. Қазір жедел штаб пен әуе компанияларының өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өзекті сұрақтарға жауап беруде.

Ұшуын күткен жолаушыларға Terminals Astana Airport Management басшылығы екі мыңнан астам ыстық тамақ пен сусындар таратты. Жолаушылар арасында ересектерден бөлек балалар да бар. Мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру үшін Аяз ата мен Ақшақар олармен ойын ойнап, жаңа жылдық сыйлықтар таратады. Сонымен қатар елордалық әртістер жолаушыларға өнер көрсетеді.

Министрлік рейсін күткен жолаушылардың ауа райының қолайсыздығынан туындаған "уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағанын" атап өтті. Сондай-ақ олар "қажетті көмек көрсеткен мамандарға алғыстарын білдіреді".

Елордадағы ауа райы әлі де ұшып-қонуға қолайсыз. Соның салдарынан әуе компаниялары рейстерді кейінге шегеруге шешім қабылдады.

Желтоқсанның 30-ы мен 31-і аралығында жоспарланған рейсі бар жолаушылардан рейс мәртебесін әуежайдың nn-airport.kz ресми сайтында бақылап отыру немесе 8 (7172) 702-999 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласу ұсынылады.

Талқылау