Жаңа Зеландияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды
Жаңа Зеландия "Габриэль" циклонына байланысты өз тарихында үшінші рет төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РБК агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ Геологиялық қызметі мен Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазында тіркелді.
Зілзала ошағы Веллингтон аймағындағы Лоуэр Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 79 км жерде, 74 км тереңдікте болған.
Жаңа Зеландияның Geonet қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады.
Цунами қаупі, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тараған жоқ.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған