Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салуға тапсырма берді: Атырауда атышулы іске қатысты сот жүріп жатыр

Атырауда жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салуға тапсырма берді деп айыпталған перзентхананың бас дәрігеріне қатысты сот жүріп жатыр. Процесс барысында нәресте өліміне тікелей қатысты сотталушы, перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев екі адвокаты бола тұра куәгер болып келген тергеушіні сұрақтың астына алып, өзіне тағылған аса ауыр айыпқа нақты дәлел келтіруін талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сот отырысы куәгері әрі Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің тергеушісі Мейрамбек Сипуллаевтs тыңдаумен басталды. Сотталушы Қуаныш Нысанбаев өзіне алғаш рет "Адам өлтіру" бабы бойынша айып таққан куәгерден іске қатысты нақты фактілерді жария етуді талап етті.

"99-шы бап бойынша куәлардың жауабын жазып алуды өтінемін. Өйткені, олар керек болады, маған қатысты жауап берді", - деді сотталшы.

Сонымен қатар, Қуаныш Нысанбаев ауыр айып тағылып, бір жыл бойы изоляторда болған кезінде өзінен бірде-бір рет жауап алынбағанын және жәбірленушілермен кездесуге жағдай жасалынбағанын айтты. Алайда, мемлекеттік айыптаушы сотталушының сұрақтарына біраз қарсылық білдірді. 

"Қарсылық білдіремін, себебі іске қатысты сұрақ қоймауы керек. Екіншіден, біз тергеуші Сипуллаевтан емтихан қабылдап жатқан жоқпыз", - деді мемлекеттік айыптаушы Могамед Есенболатов. 

Бірақ судья бұл қарсылықты қабыл алмады. Нысанбаевтың адвокаттары сотталушының сұрақтарында заң бұзушылық пен бұрмалау жоқ, білуге құқығы бар деді. 

Сонымен қатар, сотталушы мен адвокаты оқидан кейін 7 күн өткен соң тергеушілер арызды жәбірленушінің үйінен барып алуына не себеп болғанын сұрады.

Тергеуші оған жәбірленушінің денсаулық жағдайы себеп болғанын айтты.

Куәгер болған тергеуші сотталушының үсті-үстіне қойған сұрақтарының басым бөлігіне жауап бермей, "бұл істің қозғалғанына біраз уақыт болған, есімде жоқ, бәрі істе жазылған" - деп қысқа қайырды.

Алайда Қуаныш Нысанбаев пен оның адвокаттары куәгердің жауабына қанағаттанбады. 

Тірі туған сәбиді тоңазытқышқа салуға тапсырма берді деп айыпталған сотталушы екі адвокаты бола тұра, қолына қылмыстық кодексті ұстап, өзін-өзі қорғауға көшкенге ұқсайды. 

Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп айыпталуда. Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды. Аталған қылмыс басшының телефонын тыңдау барысында анықталды.

Талқылау