"Жан басына 100 000 теңгеден бөлу керек". Кәсіпкер президент пен үкіметке үндеу жасады
Танымал кәсіпкер және азаматтық белсенді Ерлан Нүрпейісов өзінің Facebook парақшасында президент пен үкіметке үндеу жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жыл сайынғы Наурызбен құттықтау дәстүрін бұзып, оның орнына биыл президент пен үкіметке үндеу жасағым келеді.
Сіздер елдегі коронавирус жағдайымен дұрыс айналысып жатқан жоқсыздар. Індет өтеді, бірақ Қазақстандағы бизнеске қандай салдар әкеледі, қоғамның белсенді бөлігі болып табылатын шағын және орта бизнес қалай өмір сүреді?
ШОК субъектілерінің кірістері 50-100% -ға төмендеді және бұл карантин аяқталғаннан кейін де бірнеше айға жалғасады, өйткені тұрғындардың ШОБ қызметтері мен тауарларына деген сұранысты қамтамасыз ету үшін қолма-қол қаражаты жоқ.
Мен барлық халыққа, ересектерге 100 000 тг және кәмелетке толмағандарға 50 000 тг көлемінде қолма-қол ақша бөлу туралы мәселені шұғыл қарастыру қажет деп санаймын. Қазақстан қалаларында пандемия мен карантиннің ұзаққа созылуын ескере отырып, бұл шараны жартылай немесе толықтай қайталау қажет болуы мүмкін.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған несие мөлшерлемесі 0-ге тең болуы керек. 30 миллион теңгеге дейінгі несиеге кепілдемені азайту керек. Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге теріс мөлшерлеме -5% мөлшерінде несие беру қажет, екінші деңгейлі банктер де коронавируспен күресуге өз үлестерін қосып, несие рәсімдеуде пайызды төмендетуі қажет.
Егер жоғарыда көрсетілген шаралар ішкі сұранысты ынталандыру және ел экономикасын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болса, ШОК үшін үш ай мерзімге демалыс жариялауы, тағы бір тоқсанға ұзартылуы қажет.
Мұндай бұрын-соңды болмаған жаһандық дағдарыста үкімет іс жүзінде бизнес пен халыққа бет бұруы керек және жай тыңдаушы ғана емес, сонымен бірге ҚОЛДАУШЫ мемлекетке айналуы керек!
Олай болмаған жағдайда, бізде жоқшылық, депрессия мен тәртіпсіздіктер орын алады, салдарынан мемлекеттік институттар қирап, жалыхалықтық хаос орнайды», - деп жазды Ерлан Нүрпейісов парақшасында.