Жәмила Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңілді
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албаниядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдесіп, үшінші рет финалда ұтылды. 72 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде молдовалық балуаннан басым түссе, ширек финалда балуан чехиялық Адела Ханзличкованы 6:3 есебімен, жартылай финалда да монғол балуаны Болортунгалаг Зоригті де 6:3 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шыққан еді. Өкінішке қарай, финалда жапониялық балуанмен белдесіп, жеңіліп қалды. Осылайша, отандасымыз үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.