Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысы тұрғыны: Астанаға қаратам деп 11 айлық баламды ауру қылып алдым

Астанадағы мақтаулы орталыққа күрделі операцияға келіп, ауруына ауру жамаған сәбидің беті бері қараған жоқ әлі. “Біздің кінәміз жоқ” деп ақталған дәрігерлер 11 айлық баланың ата-анасына “бәріне дайын болыңдар” деген ескерту айтыпты.

23 жаста ана бақытын сезініп, сәби жүрген Таңшолпан Бейсембекова дәрігерлерді кінәлағанымен, ақ халаттылардан үмітін де үзбей отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір 11 айлық сәби мына “Ана мен бала” орталығында емделуде. Туа бітті жүрек ақауымен өмірге келген Айзияны жаңа жылдың қарсаңында Астанаға алып келді. Мерекені тойлау үшін емес, күрделі операция жасалуы тиіс еді. Жамбыл облысынан Елордаға пойызбен жеткен сәбиге белгіленген уақытта ота жасалмайды. Себебі суық тиіп, оны №1 қалалық балалар ауруханасына жатқызған. Ал мұндағылар қыз балаға “өкпе қабынуы бар” деген тағы бір диагноз қойыпты.

“Осы жағдайдың бәріне кінәлі дәрігерлер деп ойлаймын. Мен сау-сау аяқты бала алып келгенмін. Олар дұрыс қадағалаған жоқ. Сменаны бір біріне дұрыс өткізбеді. Уақытыысында біздерді қолынан келмесе басқа ауруханаға ауыстырған жоқ” – дейді Айзияның анасы Таңшолпан Бейсембекова.

Таңшолпан Бейсенованың сөзінше, бар бәле сәбидің оң аяғына қойған катетерден басталған. Салдарынан дұрыс қан жүрмей, аяғының басы осындай күйге түскен. Алайда, астаналық мамандар әділдік іздеген ананың сөзін жоққа шығарып отыр.

“Бала Астанаға келе жатқанда сол кезде ауырды деп шешіп отырмыз. Өйткені бала Астанаға кардиохирургиялық орталыққа жатуға келгенде сол кезде өкпенің қабынуы анықталды. Катетер қоймағанның өзінде тромптың түзілуі мүмкін. Ол оған байланысты емес. Жүрек ақауы бар адамдар ол кез келген уақытта түзілуі мүмкін” – дейді қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Динат Қожекенов.

Әлеуметтік желіні шулатқан мәселеден кейін елордалық дәрігерлерде аяқтарынан тік тұрды. Барынша медициналық көмек көрсетуде. Алайда, қыз баланың жағдайы ауыр. Бақайларын кесуі мүмкін.

“Жағдайы өте ауыр. Бізге барлық жағдайға дайын болыңыздар деді. Кислород арқылы демала алады” – дейді Айзияның анасы Таңшолпан Бейсембекова.
“Жергілікті статус дейміз, соған қарағанда кішігірім оң нәтиже бар. Аяғының ісігі азайды. Қан тамырлары ашылған сияқты.Ал аяғын кесу-кеспеу мәселе ашық күйінде. Толығымен шешілмеген” – дейді Ана мен бала ұлттық орталығының бөлімше меңгерушісі Болат Нағыманов.

Сырқат сәбиі үшін шырылдаған жас ана істің ақ қарасын анықтап, соңына дейін барамын деп бекініп отыр. Ең қиыны, дәрігерлердің бір-бірінің сөзін сөйлеп, барлық дәлелдерді жоққа шығарғаны жанға батады, дейді Таңшолпан Бейсембекова. Дегенмен, денсаулық сақтау министрлігіне, тиісті жерлерге хат жазып, үмітін үзбей отыр.

 

Талқылау