Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында көпбалалы отбасы 30 жылдан бері құжатсыз өмір сүруде

Жамбыл облысында көпбалалы отбасы 30 жылдан бері құжатсыз өмір сүріп келеді. Төрт баланың анасының құжаты бар. Алайда украиналық екен. Әйелдің сөзінше, Қазақстан азаматтығын алуға бірнеше рет талпынғанымен, мұнысынан түк шықпапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысыныда көпбалалы отбасы 30 жылдан бері құжатсыз өмір сүруде Сурет: КТК арнасы/скриншот

Көпбалалы ана Ирина Овчаренко өзіне және отбасы мүшелеріне қазақстандық төлқұжат алу үшін түрлі инстанциялардың табалдырығын жағалап жүргенінен бірнеше онжылдық болғанын айтады. Қазіргі уақытта ол төрт баласымен бірге Отар станциясының шетіндегі апатты үйде тұрып жатыр. Құжаты болмағандықтан, көпбалалы ана жұмысқа ресми түрде тұра алмайды. Ол отбасын асырау үшін, жалдамалы сылақшы болып жұмыс істеп жүр. 

Ирина балаларының барлығы Қазақстан аумағында дүниеге келгенін айтады. Екі баласының туу туралы куәлігі болғанымен, жеке куәлік ала алмай жүрген көрінеді.

Әйел анасымен бірге Қазақстанға 90-жылдардың басында көшіп келген. Алайда қоныс аудару кезінде құжаттарының бір бөлігін жоғалтып алыпты. Ал қалған құжаттарды полицейлер тартып алды, дейді ол.

Ирина барлық органдарға барып, көмек сұрағанын айтты. Алайда барлық жерде көмектесуден бас тартқан. 

Көпбалалы отбасының үйінде өрт болғаннан кейін, олардың жағдайы төмендеп кеткен. Өрттен үйдің бірнеше бөлмесі ғана аман қалыпты. Қазір отбасы сонда тұрып жатыр. Алайда олар апатты үйде тұру қауіпті екеніне сенімді. 

Отар ауылдық округінің әкімі Ақжол Кәрімов ауылдық әкімдік көпбалалы отбасыға көмек беруге дайын екенін жеткізді. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар басталған.

Әкімнің сөзінше, тиісті құжаттар дайын болғаннан кейін, олар әйел мен оның балаларына азаматтық алып беру мәселесімен айналысады. Сонымен қатар шенеунік әкімдік көпбалалы отбасының үйін қалпына келтіруге көмектесетінін айтты. 

Талқылау